Ақтөбеде зейнеткерлер төбелесіп, бірі пышаққа түсті

Кәмшат ҚОПАЕВА

Pxhere

Ақтөбеде зейнет жасындағы ерлі-зайыптылар жанжалдасып, күйеуі әйеліне пышақ сұққан, деп хабарлайды ЭК.

Отбасында жанжал туып, 66 жастағы отағасы 60-тағы әйеліне пышақ салады. Жарақаттанған әйел Ақтөбе медициналық орталығына жеткізілді. Қазір аталған дерек негізінде, ҚР Қылмыстық кодексінің "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сот медициналық сараптама тағайындалды.

Осы баптың санкциясы бойынша, кінәлі адам үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айрылады.

Жалпы жыл басынан бері осыған ұқсас 17 тұрмыстық жанжал тіркелген. Сондай-ақ полиция қызметкерлері 564 құқықбұзушыға алкогольді ішімдіктерді ішуге тыйым салған. Отбасында жанжал шығарған 923 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров