Зауыттағы өрттен 52 адам қаза тапты

Фархат ӘБІЛОВ

twitter.com/basherkella

Бангладештің Нараянгандж қаласындағы шырын өндіретін зауытта болған өрттен 52 адам қаза тауып, 30-дан астамы әртүрлі дене жарақатын алды, деп жазады ЭК.

Жеті қабат ғимаратта орналасқан зауыттан шыққан өрттен жұмысшылар қашып үлгере алмай қалған. Бірнеше жұмысшы өрт "тұзағында" қалып, сыртқа тезеден секірген.

Өртті тек 18 сағат өткеннен кейін сөндірген. Алдын-ала болжам бойынша, өрт дәнекерлеу жұмыстары кезінде техникалық қауіпсіздік сақталмау салдарынан шыққан.

Түркия Республикасы алғашқылардың бірі болып Бангладеш еліне көңіл айтты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров