ХОК Олимпиада ойындарын көрерменсіз өткізу шешімін қолдады


Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) Жапония үкіметінің Олимпиада ойындарын көрерменсіз өткізу туралы шешімін қолдады, деп хабарлайды ЭК.
Бұл шешімге құрметпен қарай отырып, ХОК ойындарды қауіпсіз өткізуді қолдайды. Көрермен мен спортшылардың мүддесін ескере отырып, өкінішке қарай, осы шараны енгізуге тура келіп отыр,
8 шілдеде Ойындар жөніндегі министр Тамаё Марукава, ХОК басшысы Томас Бах, Халықаралық паралимпиада комитетінің басшысы Эндрю Парсонс, Токио губернаторы Юрико Коикэ және Олимпиаданың, Паралимпиаданың ұйымдастыру комитетінің басшысы Сэйко Хасимото бес жақты кездесу өткізгенін айта кету керек.
Кездесу кезіне жапон жанкүйерлерін Олимпиада нысандарына кіргізбейтіні жария болды.