Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцинамен бөлісуге дайын

Фархат ӘБІЛОВ

ҚР Президентінің баспасөз қызметі

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қажет болған жағдайда отандық вакцинаны мұқтаж елдерге беруге дайын екендігімізді айтты, деп жазады ЭК Ақордаға сілтеме жасап.

Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Волкан Бозкырмен кездесу өткізді. Кездесу барысында Президент Тоқаев халықаралық қоғамдастықтың пандемия салдарына қарсы күресте жұдырықтай жұмылуы қажет деген ойын білдіре отырып, қажет болған жағдайда қазақстандық Qaz-COVID-In (QazVac) вакцинасымен бөлісуге дайын екендігін айтты.

— Қазақстан халықаралық қоғамдастықтың жауапты мүшесі ретінде дағдарыстың салдарын еңсеру үшін барлық күш-жігерін жұмсайды. Біз өзіміздің төл вакцинамызды әзірледік. Келешекте, қажет болған жағдайда, оны мұқтаж елдерге ұсынуға дайынбыз, — деді Президент.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров