Бурабай мен Зерендінің жолына санитарлық бекеттер орнатылады

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

Әлеуметтік желіден

Санитарлық бекеттен Ashyq қосымшасында "көк" және "жасыл" мәртебесі бар адамдар ғана өте алады, деп хабарлайды ЭК.

Облыстың бас санитарлық дәрігерінің айтуынша, Ақмола облысының курорттық аймақтарында санитарлық пост орнатылады. Нысандарды тексеру алдағы демалыс күндері қолға алынады. Ал санитарлық бекеттің қанша күн тұратыны әзірге белгісіз.

Қауіпті вирустің өршуіне байланысты мамандар осындай шешім қабылдады.

COVID -19 жұқтырғандар Көкшетау, Бурабай, Целиноград аудандарында көп тіркеліп отыр. Өткен тәулікте 126 науқас анықталса, оның 111-і симптомды түрімен ауырған. Қазір ауруханаға түскен науқастардың саны да артып, 35-тен 50 пайызға дейін өсті. Бүгінде медициналық мекемелерде 700-ден астам науқас бар, -деді облыстың бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров