Жалған доллар сатып келген «қылмыс әлемінің серкесі» ұсталды

Нұрболат АДЫРБЕК

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Алматыда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері осыған дейін трансұлттық қылмыстық қоғамдастықпен сыбайласып, жалған шетел валютасын сатып келген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ЭК.

ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметінің таратқан мәліметінше, қылмыстық ортада "абырой иесі" болып келген күдіктіні ұстау кезінде одан қылмыстық айналымға арналған 400 мың жалған АҚШ доллары табылып, тәркіленді.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметіҚР ҰҚК баспасөз қызметі
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындап отыр.

Қазір осы іске байланысты ҚР ҚК-нің кодексінің 231 бабы "Жалған ақша мен бағалы қағаздарды сату мақсатында өндіру, және сақтау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметіҚР ҰҚК баспасөз қызметі
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Аталмыш бапта күдіктінің қылмысы толық дәлелденген жағдайда мүлкін тәркілеумен қоса, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сонымен қатар, бұл күдіктіге бұған дейін, ақтөбелік кәсіпкерден автокөлік пен жер учаскесін заңсыз тартып алу дерегі бойынша да айып тағылып отыр.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметіҚР ҰҚК баспасөз қызметі
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Күдіктінің жеке басын анықтау кезінде оның Қырғызстан мен Ресейдегі "Қылмыс әлемінің серкелері" деп аталатын бірнеше адаммен байланыс орнатқаны да белгілі болды. Сондай-ақ оның заңсыз жолмен түскен қаражатты басқа қылмыстық схемаларды жүзеге асыруға пайдаланғаны да тексеріліп жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров