Ұлттық банк алтынға қатысты қауесетті теріске шығарды

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Ұлттық банк «тамыз айында теңгенің орнына алтын шығады» деген сыбысты жоққа шығарды, деп хабарлайды ЭК.

Whatsapp арқылы "келесі айда теңге жай қағазға айналып, оның орнына алтын шығады" деген әйел адамның аудиожазбасы кеңінен тарап жатыр. Оған сенсек, несие, ипотеканы қазір теңгемен алып қалу ұтымды. Ұлттық банк бұл жайтты растамады.

"Валюталық одақ құру және бірыңғай валюта енгізу көзделмейді. Бірыңғай ақша-несие саясатын жүргізу үшін мемлекеттен жоғары реттеу функцияларын бере отырып, бірыңғай орталық банк құру көзделмейді және қарастырылмайды", — деп кесімді жауап берді Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Ұлттық банктің дерегіне сүйенсек, Еуразиялық интеграцияның негізгі бағыттары 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы шартта айқындалған.

Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 62-64, 70 және 103-баптарына сәйкес, ұлттық валюталардың өзара айырбасталуы қамтамасыз етіледі және ортақ қаржы нарығының жұмыс істеуі үшін жағдай жасалады. Соған орай, келісілген валюталық саясат жүргізу көзделеді. Ақша-несие саясаты және валюталық реттеу мәселелері ЕАЭО елдерінің орталық банктерінің құзыретінде қалып отыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров