Ақтөбеде чемпионды атып өлтірген қылмыскерге үкім шықты

Кәмшат ҚОПАЕВА

© Жадыра АЙЖАНОВА

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты, 18 жастағы спортшыны атқан С.Садуовқа қатысты қылмыстық істің үкімін шығарды, деп хабарлайды ЭК.

Биылғы жылдың 4 ақпан күні Ақтөбе қаласында каратэден Қазақстан кубогінің үш дүркін чемпионы, Азия кубогінің иегері 18 жастағы Дәулет Хайролланы атып кеткен болатын. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, С.Садуов деген азамат күдікті ретінде қамауға алынды.

Тергеу барысында С.Садуовтың оқ-дәрісі бар 16 калибрлі "ИЖ-К" шолақ мылтықты заңсыз иемденіп, сақтағаны анықталып, іс облыстық сотқа тапсырылған. Анықталғанындай, 4 ақпан күні С.Садуов осы мылтықпен екі адамға оқ атқан. Олардың бірі аман қалып, екіншісі, спортшы жігіт алған жарақаттан көз жұмған.

Сот С.Садуовтың ішімдік ішіп бірнеше рет қылмыс жасағанын есепке ала отырып, оған 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Енді ол жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтейді.

Сотталған адамнан жәбірленушінің пайдасына моральдық шығын өндіріледі.

Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров