Бензин бағасын әдейі қымбаттатып келген

Қанат ЕСКЕНДІР

©️ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Еліміздің жеті аймағында орналасқан 17 жанармай құю бекеті өзара мәмілелесіп, бензин бағасын жасанды қымбаттатып келген, деп хабарлайды ЭК.

Жамбыл облысында ("Эврика нефтепродукт" ЖШС, "Бизнес Ойл" ЖШС, "Тараз VIP сервис" ЖШС, "Тараз Петрол Сервис" ЖШС, "Нуров" ЖК, "Мухиев" ЖК), Қызылорда облысында ("Қызылорда мұнай өнімдері" ЖШС), Шымкентте ("МИГ" ЖШС, "ТС" ЖШС), Нур-Султан қаласында ("Бизнес Петролеум" ЖШС, "Ойл" ЖШС, "Аурика" ЖШС, "Аскар" ЖШС, "АЗС "Номад" ЖШС, "GAS ENERGY" ЖШС) және Алматы қаласында ("Royal Petrol" ЖШС, "Газпромнефть" ЖШС) орналасқан жанармай құю бекеттеріне ҚР бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі елдегі заң талаптарына сай 30 күннің ішінде бағаны қайта реттеуге ескерту жасады, деп мәлімдеді аталмыш агенттіктің баспасөз қызметі.

Бұған дейін, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан 14 жанармай құю бекеті АИ-92 бензинін жасанды қымбаттатып келгені үшін жауапқа тартылған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров