Астаналық ірі кәсіпорын қызметкерлері жаппай екпе алып жатыр


©️ЭК/Валерий КАЛИЕВ
Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан ірі компания қызметкерлері жаппай екпе алып жатыр, деп хабарлайды ЭК.
Мәселен, "Digital System Servis" ЖШС-ның 89 қызметкері екпенің екі компонентін де алған. Компания басшылығы өз қызметкерлерін екпе салу орнына жеткізу үшін арнайы көлікпен қамтамасыз еткен. Сондай-ақ, халықпен күнделікті тығыз қарым-қатынас жасайтын Magnum Cash&Carry сауда жүйесінің қызметкерлері де түгелдей екпе алып жатыр.
Қазір Нұр-Сұлтан қаласында үш ауруханада ковидтік стационар жасақталып, екпе кабинеттері жұмыс істеп тұр. Әзірге қала бойынша 270 мың адам екпенің бірінші кезеңінен өтті.