Да Винчидің жәй ғана сызбасы 12,2 млн долларға сатылды

Қанат ЕСКЕНДІР

knowhow.pp.ua

Леонардо да Винчидің қаламмен салған «Аюдың басы» деп аталатын қарапайым ғана суреті Christie's аукционында 12,2 млн долларға сатылды, деп хабарлайды ЭК.

Christie's аукционында саудаланған да Винчи туындыларының бұл жаңа рекорды, деп жазады ТАСС агенттігі. Бұған дейін аталмыш бәссауда үйінде да Винчидің "Жылқы мен салтатты" деген туындысы 11,5 млн долларға сатылған болатын.

Сарапшылар бұл туындыны суретші Флоренциядан Миланға көшпей тұрып, шамамен 1482 жылдары салған деп отыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров