Кувейтте күннің қызуы +74℃-ке жетті (видео)

Қанат ЕСКЕНДІР

Араб елдерінде апта басында +54℃ боп басталған аптап ыстық +73℃-тан асты, деп хабарлайды ЭК.

Шіліңгір ыстыққа адам түгілі, құстар да шыдамай, кездескен көлеңкеге тығылып бас сауғалап жатыр. Кувейт үкіметі далаға шықпау жөнінде халыққа ескерту жасады, деп жазады Gulf News агенттігі.

Кувейт энергетика министрлігінің Мутлак Аль Отайби деген шенеунігі халыққа мәлімдеме жасап, ескі кондиционерлерін жаңартуды сұраған. Өйткені, ескі салқындатқыш құралдар электр қуатын көп пайдаланатындықтан, елде электр стансаларына салмақ түсіп, жарықтың жиі сөнуі көбейген.

Араб ақпарат агенттігі таратқан мына видеода ыстықтан пластик жабдықтары балқып кеткен көліктерді, бағдаршамдарды көруге болады. Тіпті, кей көліктер көшеде тұрып, өздігінен өртеніп жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров