Аралда төтенше жағдай жариялау неге кешеуілдеп жатыр?

Экспресс К

Арал ауданы əкімдігі баспасөз қызметі

Арал ауданында төтенше жағдай жарияланады деп айтқалы айға жуықтағанымен, әлі соңғы шешім қабылданған жоқ, деп хабарлайды "ЭК".

Жердің құнарлылық деңгейі 2 пайыздан аспайтыны әлдеқашан белгілі болды. Бірақ төтенше жағдай жариялау ісінде сылбырлық байқалады. Қуаңшылыққа байланысты тиісті құжаттар ҚР Әділет министрлігіне жолданған. Арал ауданы әкімдігінің хабарлауынша, соңғы шешім 12 шілдеде белгілі болмақ. Төтеннен төнген қауіп төтенше жағдайдың жариялануын күтіп отырмасы анық. Жағдай күннен күнге күрделеніп барады. Жергілікті тұрғындар бұл мәселені сағызша созғанға наразы.

Арал ауданы əкімдігі баспасөз қызметіАрал ауданы əкімдігі баспасөз қызметі
Арал ауданы əкімдігі баспасөз қызметі

"Өткенде облыс әкімі Аралға келгенде мәселені тездетіп шешеміз деген еді. Бірақ бұл тек сөз күйінде қалды. Біз тек дария бойындағы Бұрмақұлақ арнасын тезірек бөгеуді сұрап отырмыз. Сонда Ақшатау мен Қамбаш көлдеріне су барар еді. Бұл осы маңдағы 7 елді мекен тұрғындарының талап-тілегі. Жағдайымыз айдан анық көрініп тұр. Істемейміз демейді. Бірақ кімді, нені күтіп жүргендерін түсінбедік" дейді Аманөткел ауылының тұрғыны Мақсұт Ералиев.

Ал, Арал ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Сая Ералиеваның сөзінше, қуаңшылық жайлаған өңірге төтенше жағдайды жариялау кешеуілдеп жатқан жоқ.

"Мамыр айының 27-не аудан әкімі жаңадан тағайындалды. Ол кісі жұмысқа кіріскен бетте аса маңыз қойған жұмысы — осы қуаңшылық мәселесі болды. Осы ретте 2 мәрте комиссия отырысы өткізіліп, шешімге сәйкес, төтенше жағдай жариялауға толық негіз бар екені анықталды. Оған дейін жауапты органдар тарапынан аймақтың топырағы, суы, ауасы зерттелген болатын. Осы процестерге уақыт көбірек жұмсалып тұр. Енді 12 шілде күні төтенше жағдай жарияланады деген жоспарымыз бар. Содан кейін Бұрмақұлақ та, 15 ұңғыма қазу, 8 канал тазалау, жем, шөп жеткізу жұмыстары да жасалады", дейді Сая Ералиева.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров