Алматыда салық төлемеген көліктер құрықталады

Қанат ЕСКЕНДІР

©️ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Алматы қаласы бойынша жеке тұлғалар арасында көлік салығын уақтылы төлемеу оқиғасы күрт көбейіп кеткен, деп хабарлайды ЭК.

Қала бойынша жеке тұлғалардың салық қарызы 5,1 млрд теңгеге жеткен. Бұл 106 130 адам мемлекетке берешек дегенді білдіреді. Оның ішінде жеке тұлғалардың көлік салығы 4,7 млрд теңге, яғни, 70 242 салық төлеуші өз міндетін әлі атқармаған, деп мәлімдейді Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының баспасөз қызметі. Қазір 41 024 жеке тұлғаға қатысты салық төлеуді міндеттейтін үкім шығарылып, атқарушы органдарға тапсырылған.

Жыл соңына дейін Алматы қалалық әділет басқармасы мен жеке соторындаушылар Палатасының мамандары және қалалық жол полициясы қызметкерлері бірлесіп, уақтылы салық төлемеген тұлғаларға қатысты қала көшелерінде арнайы іс-шара өткізетін болады,

делінген, баспасөз парақшасында.

Жеке тұлғалар үшін жекеменшік көлік құралдарына 2020 жылдың салық төлеу мерзімі биылғы жылдың сәуір айында аяқталған болатын. Көлік құралдарына қатысты мәселелер туындаса немесе салық төлеу қажет болған жағдайда азаматтар e-Salyq Azamat мобилдік қосымшасы, E-gov порталы, Қазпошта немесе екінші деңгейлі банктер арқылы қажетті операцияларды жүзеге асыра алады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров