Семейлік инспектор суға кеткен қызды құтқарып қалды

Қанат ЕСКЕНДІР

ПД баспасөз қызметі

Семейде суға ағып бара жатқан қызды құтқарған полицей марапатталды, деп хабарлайды ЭК.

Жасөспірімдер жөніндегі семейлік инспектор Қанаш Құрманбаев өзінің қызметтік демалысын Ертіс өзеніндегі Бейбітшілік аралында өткізбек болған, деп жазады Polisia.kz порталы. Жағажайда кішкене қызын қыдыртып жүрген Қанаш өзеннің қатты ағысымен ағып бара жатқан 11-12 жастағы кішкене қызды байқап қалған. Өз баласын сол маңда болған кісілерге тапсырып, өзі ағысы қатты өзенге секіреді.

ПД баспасөз қызметіПД баспасөз қызметі
ПД баспасөз қызметі

Куәгерлердің айтуынша, сол күні өзен жағасында Қанаштан өзге еркек кіндікті бірде-бір азамат болмаған екен. Семей қалалық Төтенше жағдайлар қызметі Қанаштың бұл әрекетінен хабардар болып, жуырда оны Мақтау қағазымен марапаттады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров