"Astana Arlans"-тың чемпионы жеңіліп тұрып, нокаутпен жеңіп кетті (видео)

Қанат ЕСКЕНДІР

Бейнеден кадр

Кәсіпқой бокс рингінде адамсенгісіз жайт тіркелді, деп хабарлайды ЭК.

Кәсіпқой бокстан аса ауыр салмақтағы Еуропаның екі дүркін чемпионы румындық Михай Нистор өзінің кәсіпқой рингтегі үшінші кездесуінде америкалық Колби Мэдисонмен кездесті, деп жазды sports.kz порталы.

Екі раунд бойы қарсыласынан қатты таяқ жеп, екі рет жығылып тұрған Михайдың тағдыры шешілгендей болған. Алайда, бетін қан жауып кетсе де, румын жігіті қайтпай ұрыс сала жүріп, сол қолмен жұмсаған соққысын діттеген жеріне тигізе білді. Есеңгіреп барып төрттағандап қалған Мэдисон орнынан қайта көтерілгенімен, әрі қарай жекпе-жекті жалғастыра алмайтыны баршаға аян болды.

Михай Нистор — WSB дәрежесі бойынша "Astana Arlans" құрамында чемпион болған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров