COVID-19 ЖАҒДАЙЫ: ЖҰҚТЫРҒАНДАР 451 130 ЖАЗЫЛҒАНДАР 410 150 ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАР 4609


©Reuters/Susana VERA
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 3 мың 130 расталған жағдайы тіркелді, деп хабарлады сенбіде covid-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК).
Бір күн бұрын елде 2 мың 909 covid-19 оқиғасы расталды.
Пандемия басталғалы бері елде барлығы 451 мың 130 covid-19 жағдайы расталды.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында — 798,
Алматы қаласында — 491,
Шымкент қаласында — 246,
Ақмола облысында — 108,
Ақтөбе облысында — 104,
Алматы облысында — 118,
Атырау облысында — 160,
Шығыс Қазақстан облысында — 80,
Жамбыл облысында — 43,
Батыс Қазақстан облысында — 198,
Қарағанды облысында — 325,
Қостанай облысында — 53,
Қызылорда облысында — 50,
Маңғыстау облысында — 137,
Павлодар облысында — 130,
Солтүстік Қазақстан облысында — 40,
Түркістан облысында — 49.
Сонымен қатар, ВАК мәліметінше, пандемия басталғаннан бері республикада коронавирустық инфекциядан 410 мың 150 адам емделді, оның ішінде 2 мың 087 адам соңғы тәулікте.