Атырауда мүгедек балаларды дәретханаға байлап, жөнді қарамаған (видео)

Фархат ӘБІЛОВ

Видеодан кадр

Атырауда мүгедектігі бар балалаларды дәретхананың теміріне байлап, жылап жатқан балаларға қарамаған интернаттың тәрбиешілеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ЭК.

Әлеуметтік желіде таралған бейнежазбадан Атырау қалалық №3 әлеуметтік қызмет көрсету орталығының (мүгедіктігі бар балаларған арналған мектеп-интернат) дәретханасына байланып отырған бірнеше балаларды көруге болады.

Мына балаларға ешкім қарамайды. Дәрәтхананың қасына байлап қойған. Ал мына қыздың аузы қан-қан. Жылап жатса да, ешкім алғашқы медициналық көмекті көрсетпейді,

дейді бейнежазбаны түсіріп жүрген әйел

Бейнежазбаны мектеп-интернаттың бұрынғы қызметкері түсіргені белгілі болды. Сондай-ақ интернат қызметкерлері мекемеге ұрлыққа түседі екен.

Бұл бейнежазба осы жылдың сәуір айында түсірілген. Біз қызметтік тексеріс жүргізіп, өз қызметкерлеріне жөнді қарамаған орталықтың директоры қатаң сөгіс алды. Сондай-ақ мекемеден 100 литр бензиннің талоны ұрланды. Бейнежазбаны әдейі түсірілуі мүмкін,

деді Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Атырау облыстық Полиция Департаментенті ЭК тілшісіне осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 110 (Қинау) бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті екі тәрбиеші коронавирус жұқтырып, ем алып жатыр. Балалардың денесінен жарақаттар анықталған жоқ. Тергеу амалдары жалғасуда.

деді ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров