COVID-19: ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ - 2 930 АДАМ

Express Qazaqstan

©AP/Kirsty WIGGLESWORTH

Өткен тәулікте елімізде коронавирус жұқтырудың 2 930 жағдайы тіркелді, деп хабарлады ЭК Covid-19-ды таратуға жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға (ВАК) сілтеме жасап.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 930 жағдай тіркелді. Кеше елімізде вирус жұқтырғандар саны сәл төмендегені байқалған болатын.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласында — 326,

Алматы қаласында — 612,

Шымкент қаласында — 128,

Ақмола облысында — 185,

Ақтөбе облысында — 150,

Алматы облысында — 240,

Атырау облысында — 93,

Шығыс Қазақстан облысында — 140,

Жамбыл облысында — 46,

Батыс Қазақстан облысында -88,

Қарағанды облысында — 340,

Қостанай облысында — 147,

Қызылорда облысында — 69,

Маңғыстау облысында — 70,

Павлодар облысында — 184,

Солтүстік Қазақстан облысында — 78,

Түркістан облысында — 34.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 848 318 жетті.

Сонымен қатар, республикада пандемия басталғаннан бері 779 мың 558 адам коронавирустық инфекциядан емделді, оның ішінде 4 мың 123 — і соңғы тәулікте.

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, пандемия басталғаннан бері ПТР-тестпен (КВИ+) расталған коронавирустық инфекциядан 10 мың 491 адам қайтыс болды, оның ішінде 64 — і соңғы тәулікте.

Сонымен қатар, елде бір тәулік ішінде ПТР (КВИ -) расталмаған коронавирус белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылықтың 302 жағдайы анықталды, 13 адам қайтыс болды. Бірнеше күн бұрын пневмонияның 24 жағдайы және одан 10 өлім тіркелді.

Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сәйкес, 2020 жылғы 1 тамыздан бастап республикада коронавирустың клиникалық көріністері бар, бірақ ПТР нәтижесі теріс пневмониямен сырқаттанушылықтың 73 мың 122 жағдайы тіркелген, одан 4 мың 700 адам қайтыс болған.

15 қыркүйектегі жағдай бойынша 75 мың 685 адам коронавирустық инфекциядан емдеуді жалғастыруда, оның ішінде 67 мың 269 оң ПТР-тестімен (КВИ+) және 8 мың 416 теріс (КВИ-), стационарларда 14 мың 335 пациент, амбулаториялық емдеуде — 61 мың 350 адам.

"КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінен 1136 пациент ауыр жағдайда, аса ауыр жағдайда — 350, ӨЖЖ аппаратында — 198", — делінген Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінде.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров