Ұлттық тестілеу орталығының қайта құрылуына Қабатовтың қызының қатысы бар ма?

Бек ТӨЛЕУОВ

Әлеуметтік желіден / instagram.com/kabatov_tursinbek_resmi

Білім және ғылым министрлігі “Ұлттық тестілеу орталығы” республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта құру туралы Үкімет қаулысының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ұлттық тестілеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Ұлттық тестілеу орталығы" коммерциялық емес акционерлік болып қайта ұйымдастырылсын", — делінген Ашық НҚА порталында.

Ашық қоғамдық талқылау 29 қыркүйекке дейін жалғасады.

Биыл Нұр-Сұлтандағы Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде төрт түлек өз орындарына басқа адам кіргізуге тырысқан. Елорданың полиция департаменті осы іс бойынша 13 маусымнан бері тергеу жүргізіп жатыр. Сол күні полицияға сегіз адам — төрт түлек және олардың орнына тест тапсыруы тиіс төрт студент жеткізілген. Жалған құжат жасау фактісі бойынша Нұр-Сұлтанның 22 жастағы тұрғыны күдікке ілінген. Полиция қылмыстық кодекстің 385-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Олардың арасында белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы бары екені айтылды. Бұл туралы тамыз айының ортасында адвокат Абзал Құспан жазған болатын. Адвокаттың ақпаратынша, Әдемі Тұрсынбекқызы Аманғалидың орнына тестілеуге Еуразия ұлттық университетінің екінші курс студенті, грантта оқып жүрген Сымбат Қанай тест тапсыруға кірген.

Осынау даулы оқиғалардан бірнеше ай өткенде орталықты қайта құру туралы шешім қабылданып отыр.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров