Жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек алушылар үшін электронды ақша енгізіледі

Аян АМАНГЕЛДІҰЛЫ

Pixabay

Елімізде электрондық әлеуметтік төлемдерді есептеудің жаңа қағидалары бекітілді, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Бекітілген ережеге сәйкес, енді жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер электронды ақша түрінде төленеді. Ол үшін адамдарға "әлеуметтік әмиян" ашылады.

Әлеуметтік әмиянға тек жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдер жіберіледі. Төлемдер электрондық ақша түрінде болады. Оларды жедел төлемдер жүргізетін жүйе операторлары салып отырады. Ал кімге-қанша ақша жіберуді уәкілетті ұйым шешеді,

— делінген құжатта.

Осы тұста айта кететін жайт, әмиянға түскен электрондық ақша толық бақылауда болады.

Электронды ақша түрінде жіберілетін атаулы әлеуметтік көмекке (АӘК) мониторинг жүргізіледі. Бақылауға әлеуметтік, еңбек, сауда және интеграция саласындағы органдар жауапы. Олар жедел төлемдер жүйесі операторы ұсынған деректерді пайдаланады,

— делінген құжатта.

8 қыркүейек күні бекітілген жаңа Ережелердің толық мәтініні мына жерде.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров