Таразда көлік жүргізуші аялдамадағы адамдарды таптап өтті (видео)

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

Бейнеден кадр

Жан түршігерлік жол-көлік оқиғасының бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Instagram желісіндегі @zhest_kz аккаунтында тараған бейнежазбадан аялдамада автобус күтіп тұрған бір топ адамды ақ түсті көліктің таптап басып өткенін көруге болады.

Қатты жылдамдықпен келе жатқан жеңіл көлік жолдың қарсы бетіне шыққан. Соққы салдарынан аялдамадағы бір адам жол бойына ұшып түседі. Ал жол апатын жасаған адам тоқтамастан баса жөнеледі. Оқиға бүгін Таразда болған.

Назар аударыңыз! Сезімтал адамдарға көруге болмайды.

Белгілі болғандай, екі жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі адам №1 қалалық ауруханаға жеткізілген.

Бейнеден кадр
Бейнеден кадр

Жамбыл облыстық Полиция департаментіндегілердің мәліметінше, С.Сейфуллин көшесінен Б. Момышұлы көшесіне бағыт алған Hyundai маркалы көлік жүргізушісі ұсталды.

Бейнеден кадр
Бейнеден кадр

"Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Көлік жүргізушісі ұсталды. Ол 23 жастағы Тараз қаласының тұрғыны екені анықталды. Қазіргі уақытта тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды", — деді Полиция департаментіндегілер.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға орнында көз жұмған екі әйелдің бірінің жасы шамамен 40-45 аралығында, ал екіншісі 60-65 жаста. Ауруханаға жеткізілген бір жәбірленуші шүғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылған. Зардап шеккен екінші әйелге тиісті деңгейде алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, тіркелген емханада амбулаторлық ем қабылдап жатыр.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров