Талдықорған

Олимпиада жүлдегері соғылған көлігін көрсетті

Экспресс К

© Игорь Сон арнайы EQ үшін

Токио-2020 олимпиада ойындарының қола жүлдегері Игорь Сон сайтымызда жария болған ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Олимпиада ойындарының жүлдегері Талдықорған қаласындағы көлік жуу орнында соғылған көлігін өзі жуып жүргенін хабарлаған едік. Көп ұзамай, Игорь Сон сайттағы материалға қатысты арнайы хабарласты.

Спортшының айтуынша, Ауыр атлетика федерациясы сыйға тартқан шетелдік көлікті оның өзі соқпаған.

© Игорь Сон арнайы EQ үшін© Игорь Сон арнайы EQ үшін
© Игорь Сон арнайы EQ үшін

Өздеріңізге белгілі, жазмыштан ешкім қашып құтыла алмайды. Сыйға алған көлікті соғып алыпты деп ел шулап жатыр. Мен емес, мені жолда басқа көлік соғып кетті. Басқа жүргізушінің кінәсі. Өмірде бәрі болады ғой,

— дейді олимпиада ойынының жүлдегері.

Әлеуметтік желіде елдің түрлі ұшқары пікір жазып жатқанына Игорь Сон өз наразылығын танытуда.

© Игорь Сон арнайы EQ үшін© Игорь Сон арнайы EQ үшін
© Игорь Сон арнайы EQ үшін

Шын мәнінде не болғанынан желі қолданушылардың хабары жоқ қой. Шындықты мен ғана білемін. Арым таза. Ол үшін мені кінәлаудың не қажеті бар,

— деп ағынан жарылды спортшы.

Игорь Сон Express Qazaqstan тілшісіне көлігінің соғылған тұсын нақтылап көрсетіп берді. Шынында да, оның көлігі сыртқы қапталынан қатты сырылған екен.

© Игорь Сон арнайы EQ үшін© Игорь Сон арнайы EQ үшін
© Игорь Сон арнайы EQ үшін

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров