Зейнеткер кірдің тасын көтеруден Гиннестің рекордтар кітабына енді (видео)

Жазира БАҒЛАНҚЫЗЫ

© Серік ҚҰЛМЫРЗАЕВ

Қызылордада осыдан бірнеше жыл бұрын Беларусь елінің Витебск қаласында кір триатлоны бойынша өткен екінші дүниежүзілік олимпиадада 16 келі кірдің тасын 2 минут ішінде 78 рет жұлқа, 94 рет серпе көтеру бойынша үздік деп танылған қария тұрады, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

© Серік ҚҰЛМЫРЗАЕВ
© Серік ҚҰЛМЫРЗАЕВ

Сырбойылық Серік Құлмырзаев еңбек жолын мемлекеттік қызметке арнап, сол саладан зейнетке шыққан. Спортшы кірдің тасын көтеруді зейнет жасына келгеннен кейін бастаған. Жаттығу жасауға да арнайы спорт зал қажет емес, табиғат аясында дене шынықтырғанды жаны сүйеді. Кірдің тасын көтеру хоббиінің арқасында ол Әлем чемпионы атанып, рекордтар кітабына есімі жазылды.

© Серік ҚҰЛМЫРЗАЕВ
© Серік ҚҰЛМЫРЗАЕВ

Зейнеткер 2013 жылы төрт дүркін Әлем біріншілігінің, Еуропа, Азия, Еуразия, Беларусь және Ресей чемпионаттарында, Ф.Ушаков және М.Ломоносов атындағы халықаралық жарыстарда жеңімпаз атанып, 11 алтын медаль иеленген. Ал, үш жарым жыл бұрын Беларусь елінің Витебск қаласында кірдің тасы триатлоны бойынша өткен екінші дүниежүзілік олимпиадада 16 келі кірдің тасын 2 минут ішінде 78 рет жұлқа, 94 рет серпе көтеріп үздік деп танылды. Осындай көрсеткіштермен қарсыластарынан озық шыққан Серік Құлмырзаев жарысқа қатысып, күш сынасуын тоқтатпаған.

© Серік ҚҰЛМЫРЗАЕВ
© Серік ҚҰЛМЫРЗАЕВ

"310 спартандықтар" жобасы бойынша Гиннес рекордтар кітабына ену жарысында 400-ге жуық спортшы қатысқан. Олар жарты сағат бойы кірдің тасын көтеру жаттығуларын жасаған. Нәтижесінде кірдің тасын қаңбақ құрлы көрмей көтеріп, жоғары ұпай жинаған қазақстандық спортшының есімі Гиннес рекордтар кітабына жазылды.

© Серік ҚҰЛМЫРЗАЕВ
© Серік ҚҰЛМЫРЗАЕВ

Сондай-ақ БҰҰ және ЮНЕСКО жанындағы Адам құқығы халықаралық федерациясы мен ғылыми институттары Еуропалық қауымдастығының және халықаралық аттестациялық Кеңесінің халықаралық "Қанатты арыстан" ордені табысталған.

© Серік ҚҰЛМЫРЗАЕВ
© Серік ҚҰЛМЫРЗАЕВ

Өзім бұған дейін кәсіби түрде спортпен айналысқан емеспін. Зейнетке шығар алдында кірдің тасын көтеруге қызығушылығым ауды. Жай ғана салауатты өмір салтын ұстануға деген ұмтылысым әлемдік додада жеңіс әкеледі деп ойламадым,

— деді спортшы Серік Құлмырзаев.

© Серік ҚҰЛМЫРЗАЕВ
© Серік ҚҰЛМЫРЗАЕВ

Қазір жасы жетпіске таяп қалған ақсақал бұқаралық спортты дамытуға үлес қосудан тартынып қалмайтынын айтты. Сөзі-нық, қимылы-ширақ қария халық денсаулығын жақсартудың кепілі дене шынықтырумен айналысу дейді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров