Ауған-өзбек шекарасындағы атыстан өзбекстандық сарбаз оққа ұшты

Экспресс К

©AP/Anvar ILYASOV

Өзбекстан шекарасынан есірткі алып өтпек болған ауған азаматының жолын кесу барысында атыс болып, бір шекарашы қаза тапты, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

"Нигох" Telegram-арнасының хабарлауынша, 26 қыркүйекте ауған азаматы өзбек шекарасын заңсыз кесіп өтпек болғанда атыс болады. Қарулы қақтығыс кезінде есірткі тасымалдаушы шекарашыны атып өлтіреді.

Президент Шавкат Мирзиёев қаза тапқан сарбаздың отбасына көңіл айтты.

"Мемлекеттік шекарадан өтпек болған наркобаронның жолын кесу кезінде бір сарбазымыздан айырылып қалдық. Жерімізге қатысты біздің ұстанымымыз берік, қажет болған жағдайда біз шекарамызды қару -жарақпен қорғаймыз. Біздің сарбаздардың бірі борышын өтеу кезінде ерлікпен қаза тапты. Отбасына, жақындарына көңіл айтамыз", — деді Мемлекет басшысы.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров