Google миллиондаған смартфондағы қызметін тоқтатты

Экспресс К

©AP/Joan MATEU

Бұл шектеу Android-тің ескірген нұсқаларында жұмыс істейтін смартфондарға қатысты болмақ. Компания өзгерісті кешеден бастап енгізді, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

РИА новости агенттігінің жазуынша, бұдан былай ескі нұсқалармен жұмыс істейтін смартфон иелері Gmail, YouTube-тің бейне қызметі, Google Maps және басқа да бірнеше фирмалық қосымшаларды пайдалана алмайды.

Атап айтқанда, шектеу 2.3.7 және одан төмен нұсқалардағы смартфондарға әсер етеді. Тұтынушыларға IТ -гиганттың танымал қызметтерін пайдалану үшін кем дегенде Android 3.0 және одан жаңа нұсқасы бар гаджеттер ұстауға тура келеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров