Израиль полициясы палестиналық әйелді атып тастады (видео)

Экспресс К

Видеодан кадр

Иерусалим полицейлері 30 жастағы палестиналық әйелді атып өлтірді. Ол тәртіп сақшыларына пышақ ала жүгірген, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Палестиналық әйелдің шабуылынан ешкім жарақат алған жоқ, деп мәлімдейді Euronews агенттігі.

Осы оқиғадан кейін бірден әлеуметтік желіде израилдық "Бецелем" деп аталатын тәуелсіз ұйым жариялаған бейне жазба тарады. Онда Хеврон қаласы маңындағы ауылға еврей жастарының шабуылдаған сәті бейнеленген. Бецелемдіктер Израиль әскерінің еврей жастарына қару кезенбегенін, тіпті олардың бұзақылық әрекетіне тосқауыл да болмағанын айтуда.

Кей деректерде еврей жастарының лақтырған тасынан палестиналық кішкене баланың басы жарылғаны туралы ақпарат айтылады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров