Daily Mail: "АҚШ пен Қытай 2018 жылы COVID вирусын жасауды жоспарлаған"

Экспресс К

 Daily Mail

Ағылшын басылымының журналистері АҚШ пен Қытай ғалымдары бірлесіп әлемде еш теңдесі жоқ жаңа вирус ойлап табуды қолға алғанын мәлімдеді. Бұл тәжірибе аса құпия жағдайда жүргізген, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Екі елдің ғалымдары бұл жолда аса қауіпті сынақтарды жүзеге асырған, деп мәлімдейді Daily Mail тілшілері.

Олар Уханьға өздерінің құпия жобасын қаржыландыруды сұрап хат жолдаған. Алайда қытайлық ғылыми орталық қаржыландырудан бас тартқан соң, өздерінің Ухань ғылыми институтындағы вирустық штамм сақталған дерек қорын жауып тастайды,

— дейді ағылшын басылымының тілшілері.

Сондықтан да қазіргі таңда ол зертханадан АҚШ пен Қытай мамандары жүргізген сынақ туралы мәлімет табу мүмкін емес.

Кей болжамдарға сүйенсек, құпия ғылыми топ жаңа вирус жасау үшін штаммтектес түрлі генетикалық қоспаларды өзара араластырып күрделі тәжірибелер өткізген,

— деп жазады британялық басылым.

Ғалымдар теориялық болжамдарды саралап, белгісіз қосындыларды вирусқа енгізу арқылы аса қауіпті жаңалық ашпақ болған.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров