Ішіне жын кірген сарбаз жұртты шошытты (видео)

Ержан ШАЙЖАН

Бейнеден кадр

Әлеуметтік желіде ішіне жын кірген сарбаздың видеосы тарады. Онда қаруластары жас жігіттің қолын қайырып әрең ұстап отыр, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Facebook желісінде тараған видеодан жас сарбаздың қатты айқайлап, қасындағы қаруластарын танымай жатқанын аңғаруға болады. Екі қолын орындыққа қайырып ұстаған жігіттер кәлимәні айтып жын кірген жігітті сабасына түсіргісі келеді. Бірақ ол оңайшылықпен көнбей жатыр.

Желі қолданушылары "психикасында ақау болса неге әскерге жіберген", "ішіне жын кірген" деген секілді түрлі пікірлер қалдырып жатыр.

Видеоның еліміздің қай өңірінде түсірілгені белгісіз. Express Qazaqstan бұл мәселені назарда ұстайды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров