Алматы облысы

Игорь Сонның сыйлыққа алған көлігі екінші рет апатқа ұшырады (видео)

Экспресс К

Бейнеден кадр

Соғылған көліктің видеосы Express Qazaqstan тілшісіне сенімді ақпарат көздерінен келіп түсті.

Видеода байқалып тұрғандай, автокөліктің сыртқы бөлігі зақымдалған. 20 миллион тенге тұратын "Camry 75", осымен екінші рет апатқа ұшырап отыр.

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Игорь Сонның зақымдалған автокөлігін бірінші рет Express Qazaqstan тілшілері Талдықорғандағы көлік жуу орталығынан байқаған еді.

Естеріңізге сала кетсек, ауыр атлет осыдан бір ай бұрын жол апатына ұшыраған болатын. Ол кезде Игорь Сон сыйға тартылған шетелдік көлікті өзі соқпағанын айтты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров