Нұр-Сұлтан

Есіл өзенін америкалық қаракүзен жағалап жүргені анықталды (видео)

Аян АМАНГЕЛДІҰЛЫ

Бейнеден кадр

Әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтан қаласының іргесінде, Есіл өзінінің жағасында қаракүзенге ұқсас жануар жүрген бейнежазба тараған еді. Видеоға пікір жазушылардың оның нақты қандай жануар екенін анықтай алмай, дал болды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Бейнежазбаға қатысты Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінiң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сұрау салғанымызды бұған дейін жазған едік. Комитет мамандары бейнежазбадағы жануар қаракүзен екенін растады.

Бұл американдық қаракүзен. Сусар тұқымдасының бір туысы. Еуропалық қаракүзеннен ерекшелігі жоғарғы ерінде ақ дақ жоқ және біртүсті болуымен ерекшеленеді. Сондай-ақ бетінде қара "маска" болмайды,

— деп жауап берді Комитет.

Олардың хабарлауынша, бұл жануар ағынды тұщы су қоймалары мен көлдерде мекен етеді. Негізі шыққан жері — Солтүстік Америка. Кейін Еуразия аймағында жерсіндірілген.

"Бұрынғы КСРО аумағында жерсіндіру 1933 жылы басталды. Қаракүзен Қазақстан аумағында басында Алтай жақта көп шоғырланған еді. Алайда кейін аң аулаушылардан қашып, Жетісу Алатауында, Қырғыз және Өгем жоталарына өтіп кетті. Негізінен бір аумақта жалғыз өмір сүреді. Аталығының тіршілік ету аумағы аналығына қарағанда бірнеше есе үлкен болады", — деп нақтылады Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров