Актриса Дариға Бадықова алғаш рет күйеуін көрсетті (видео)

Лаура БИҒАЛИ

Видеодан кадр

Танымал актриса Дариға Бадықова алғаш рет жолдасын көрсетті. Ол күйеуімен бірге отандық телехикаяда басты рөлді сомдаған, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Бұл туралы Бадықова Instagram-дағы парақшасында жазды. Ұлттық арнадан жақын күндері көрерменге жол тартатын туынды "Күйеу бала" деп аталады. Дариға әлеуметтік желіге телехикаяның үзіндісін жариялап, көпшілікке өз жолдасын таныстырды. Актрисаның айтуынша, отағасы сериалда өзінің күйеуінің рөлін сомдайды.

Осы орайда құлақтарыңызға сыбырлап айтайын. Телехикаяда жолдасымды ойнайтын жігіт — өмірде де менің күйеуім. Көпшілік қауым үшін бұл жұмбақ еді. Ал шешілді жұмбақ. Ризасыздар ма?

— деп жазды Дариға Бадықова.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров