Алматы облысында мал ұрлаған қылмыскер ұсталды

Express Qazaqstan

Pixabay

67 жастағы Ақсу ауданының тұрғыны жайылымнан екі ұсақ мал басы ұрланғанын айтып арызданған. Барымташы жәбірленушіге 120 000 мың теңге көлемінде залал келтірген, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Бұл туралы Алматы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары кезінде қылмыс жасаған 49 жастағы ер адам екендігі анықталды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188 бабының 1 бөліміне сәйкес тіркелді. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Тергеу барысында күдікті жасаған қылмысын толығымен мойындады. Ұрланған мал заңды иесіне қайтарылды,

—деп мәлімдеді облыстық баспасөз қызметі.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров