14 қазанға арналған ауа райы болжамы

Express Qazaqstan

©️ЭК/Андрей ХАЛИН

Антициклон әсерінен еліміздің барлық аймақтарында күн ашық болады. Респуюликаның батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында жел күшейеді, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Қазақстанның оңтүстігі мен батысында шаңды дауыл тұрады, — деп мәлімдеді "Қазгидромет" ауа райын болжау орталығы.

Жамбыл облысында таулы және тау бөктерінде тұман түседі. Өңірдің оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді.

Алматы облысының Алакөл ауданында секундына 18-23 метрге жылдамдықпен жел соғады.

Еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында тұман түсуі ықтимал.

Қызылорда облысының шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік — батысында, солтүстік-шығысында және Атырау облысының оңтүстігінде шаңды дауыл тұруы мүмкін. Жел екпіні 15-20 метрге дейін күшейеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында, күндіз Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы мен ШҚО-ның оңтүстік-батысында жел күшейіп, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

СҚО-ның солтүстігінде, батысында, солтүстік-шығысында, Қостанай облысының солтүстігінде, түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров