Күрішбаев Маминге: "Ауылда бір мұғалім физика, әдебиет және музыканы оқытып жүр"

Аян АМАНГЕЛДІҰЛЫ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Бүгін Сенат отырысында депутат Ақылбек Күрішбаев ауылдық жердегі білім беру мәселесін көтерді. Ол депутаттық сауалын Үкімет басшысы Асқар Маминге жолдады, деп хабарлайды Exspress Qazaqstan.

Елімізде жыл сайын 150 мыңнан астам оқушы мектеп бітіреді. Олардың 74 мыңы, яғни жартысына жуығы ауыл тұрғындары екен.

Ауылдық жерлерге 2100-ден астам мұғалім қажет. Ондағы кей мектептерде бір мұғалім физика, әдебиет және музыка пәнін бірдей оқытып жүр. Ал қала мен ауылдағы мектептің материалдық-техникалық базасын салыстырмасақ та болады,

— дейді сенатор.

Оның айтуынша, оқушылардың ауылда алған білімінің төмен болуына байланысты олар кейін жоғары оқу орнына түсе алмайды. Мемлекеттік гранттан қағылған түлектер ақылы оқуға да тапсыра алмайды. Себебі ауыл баласында көбіне ондай мүмкіндік жоқ.

"Депутаттар Білім және ғылым министрлігіне бұл мәселені шешу үшін біраз ұсыныс айтты. Біздің ұсынысымыз — ауыл түлектері үшін аграрлық мамандықтарға берілетін ауылдық квотаны 30 пайыздан кем дегенде 50 пайызға дейін арттыру. Бірақ бұл мәселе табанды түрде шешілмей отыр. Парламенттік тыңдаулардың ұсыныстары неге орындалмайды?", — дейді Ақылбек Күрішбаев.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров