Жамбыл облысында тағы да жарылыс болды

Жансая ТӘУЕКЕЛҚЫЗЫ

ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Жамбыл облысының Байзақ ауданында тағы да жарылыс болды. Тұрғындар бүгін таңғы уақытта жарылыстың гүрс еткен дауысын естігенін айтады, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Байзақ ауданындағы 28349 әскери бөлімге жақын маңдағы Қайнар ауылының халқы тағы да жарылыстың дауысын естігеін жеткізді. Олардың айтуынша, әскери бөлімдегі оқ-дәрілерді жою жұмыстары жалғасуда.

Белгілі болғандай, "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы аудан әкіміне әскери үлгідегі жарылуға қаупі бар заттардың бөліктерін жою жұмыстары жоспарланғаны туралы хабарлаған. Ал әскери бөлімдегілер мен ауыл әкімдігі тұрғындарға үй-үйді аралап және әлеуметтік желі арқылы алдын ала ескертіпті.

©ЭК/Андрей ХАЛИН
©ЭК/Андрей ХАЛИН

"Ауыл тұрғындары! Əскери бөлімдегі жинақталған миналарды тауға көшіріп жатқанын білесіздер. Осыларды бүгін сағат 10.00-де тауға апарып жару жұмыстарын жүргізеді. Қорқып, үрейге бой алдырмаңыздар" делінген хабарламада.

Еске салсақ, 26 тамызда Байзақ ауданындағы әскери бөлімде жойқын жарылыс болды. Ал 10 қазан күні инженерлік оқ-дәрілер қоймасының аумағында жарылғыш заттар өртеніп, арты жарылысқа ұласты. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бұл кезде бұрын зақымдалған жарылғыш заттар жарылған.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров