Индира Расылханның екінші күйеуімен ажырасуына дуа себеп болған

Бек ТӨЛЕУОВ

instagram.com/indirarasylkhan

Танымал әнші Индира Расылхан екінші күйеуімен ажырасуына дуа себеп болғанын және оны кім жасағанын сезетінін айтты, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Әнші әлеуметтік желіде оқырмандардың сұрағына жауап берді. Ол екінші күйеуімен де ажырасып кеткен. Бұл некесінің сәтсіз болуына біреулердің дуасы әсер еткенін айтты.

Маған дуаны кім салса да, өзіне жасаған қиянаты деп санасын. Кім екенін жүрегім сезеді. Бір адамның зұлымдығы қаншалықты екенін Алла тексергісі келген болар,

—дейді Индира Расылхан.

Ол қазір қари кісі келіп, оқып жатқанын айтқан. Сонымен қатар, елге тәуіп, балгерлерге жоламаңыздар деп кеңесімен бөлісті.

Бұған дейін әнші "Менің өмірім" атты бағдарлама сұрақ беріп, жеке өмірінде екі некесі де сәтсіз болғанын айтқан. Алғаш рет Индира 18 жасында елге танымал азаматтардың біріне екінші әйел ретінде тұрмысқа шығыпты. Бірақ күйеуі аяғы ауыр кезінде қуып жіберген. Бірінші некесінен 22 жастағы егіз қызы бар. Екінші некесінен тағы екі баланы дүниеге әкелген.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров