LRT

Елордадағы LRT құрылысын аяқтауға ақша беретін банк табылды

Аян АМАНГЕЛДІҰЛЫ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Еліміздегі банктердің бірі LRT құрылысын аяқтау үшін қаржы бөлуге келісім берді. Қазір тиісті келісімге қол қою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, компания банкрот болып, қаржыландыру толығымен тоқтады. Қазір LRT-ға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары да жүргізіліп жатыр.

Ең басты мәселе — жобаны қаржыландыру. Оған ауқымды инвестиция қажет. Қаланың қақ ортасында тұрған бетон бағаналары да елорда көркін кетірді,

— деді Алтай Көлгінов.

Оның айтуынша, әкімдік қаржы табу үшін банктермен бір жыл келіссөз жүргізді.

"Мұндай жобаны кез-келген банк алғысы келмейді. Екінші деңгейдеі банктердің мүмкіндігі де бола бермейді. Сондықтан тиісті конкурс жарияладық. Қазір еліміздегі банктердің бірі келісім берді. Құжаттарға қол қойғаннан құрылысты аяқтаймыз деген жоспарда бар. Қазір әуежай жақтағы бөлігінде жұмыстар басталып кетті", — дейді Алтай Көлгінов.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров