Аң аулау

Араб елдеріндегі аңшылық дәстүрі еліміздегі сұңқарларға қалай әсер етіп жатыр?

Аян АМАНГЕЛДІҰЛЫ

Pixabay

Сарапшылардың айтуынша, елімізде ХХ ғасырдың ортасынан бастап сұңқар тектес ителгі құсының саны 90% кеміді. Қызыл кітапқа енген құстың азаюына бірнеше себеп бар, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Биоалуантүрлілікті зерттеу және сақтау орталығының атқарушы директоры Нұрлан Оңғарбаевтың айтуынша, асыл да әдемі құстың жойылып бара жатқанына негізгі екі себеп бар. Біріншісі — сұңқарды аулап, оны Араб елдеріне заңсыз шығарып жатқандар. Екіншісі — құстардың тоқ сымдарына түсіп қалуы.

Біз құстарды зерттеу үшін Қазақстанның түрлі аймағына барамыз. Сол кезде алдымыздан шығатын жергілікті қойшылар бірден ителгі аулауға келдіңдер ме деп сұрайды. Осыдан-ақ ол жердегі жемқорлық пен заңсыздықтың деңгейін шамалай беріңіздер,

— дейді Нұрлан Оңғарбаев.

Оның айтуынша, шетел азаматтары жергілікті қорықшыларға ақша береді, ал олар құстың қайда ұшып-қонатынын көрсетеді.

Құс аулаушылардың өзі екіге бөлінеді екен. Бірі — кәсіби, олар Қазақстанға арнайы келеді. Сөйтіп сұңқардың белгілі бір түрін, түсін таңдап жүріп аулайды. Оларға сан маңызды емес, бастысы — ерекше құс ұстап алу. Екіншісі — құстарды жаппай аулайтындар, олардың мақсаты — пайда табу. Олардың көбі біздің елдің азаматтары және құстардың қайда, қалай ұшатынын жақсы біледі.

Тіпті мынандай жағдайлар болған. Полицейлер заң бұзған құсшыларды ұстайды, алайда кейін жоғары лауазымды шенеуніктер хабарласып, оларды босатып жібереді. Сұңқарларымыз осылайша жойылып жатыр,

— дейді Нұрлан Оңғарбаев.

Құсты аулау бір бөлек, оны шекарадан шығару бір бөлек. Алайда бұл жерде де заң бұзылып, жемқорлыққа жол беріледі.

"Сыртқа шығарылатын құстарды дәрі беріп ұйықтатып тастайды. Кейін жолда қозғалмай, қауырсынын зақымдап алмауы үшін оларды қымтап, арнайы қорапқа салып шекарадан өткізеді. Заңсыз ауланған сұңқарларды негізінен Сауд Арабиясы, Катар және Бірікке араб әмірліктері сатып алады",— дейді Биоалуантүрлілікті зерттеу орталығыны басшысы.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров