Қазақстан

Елімізде барысты сақтауға арналған орталық ашылады

Экспресс К

Pixabay

Қазақстанда қар барыстарын сақтауға, оңалтуға және өсіруге бағытталған орталық ашу жоспарланған. Бұл жобаға Ресей, Қытай және Қырғызстанның мамандарды шақырылады, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Орталық Алматы қаласындағы Іле-Алатау ұлттық паркінде жұмыс істейді. Қазіргі кезде Snow leopard foundation қоры Ұлттық паркпен ғылыми қызмет туралы шартқа қол қойды. Халықаралық жобаға Біріккен ұлттар ұйымының Даму және Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы, сондай-ақ Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) атсалысады.

Отандық ғалымдар ресейлік әріптестерімен де келіссөздер жүргізіп үлгерген. Себебі олардың кавказ қабыланы мен амур жолбарысының популяциясын сақтап әрі ұлғайту ісінде зор тәжірибесі бар.

Бұл жобаға Қытай да қатысуы мүмкін. Еліміздің мамандары барысты сақтауға қытысты жобаны әлемге белгілі меценат әрі филантроп Джек Ма басқаратын қорға жіберген,

—деп хабарлайды Қордың баспасөз қызметі.

Орталық қар барыстарын зерттеу бойынша алғашқы ғылыми зертхана құруды да көздейді. Ол жерде ғалымдарға арналған қосымшалар мен жеке деректер қоры болады. Бұл Қазақстандағы қар барыстарының экожүйесін есепке алу және зерттеу нәтижелерін жүйелендіруге мүмкіндік береді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров