Алматы

Анаид Демирчян: "Украинаға соғысуға емес, қыдырып бардық"

Экспресс К

Анаид Демирчян / Игорь Дужнов

Бес адамды атып өлтірген алматылықтың әйелі Анаид Демирчян күйеуінің Украинада соғысқанын жоққа шығарды. Айтуынша, Игорь Дужнов екеуі ол жаққа қыдырып барыпты, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Дужновтың Тайландқа төрт рет, Ресейге төрт мәрте, Қытайға үш рет, Түркия мен Нидерландыға бір рет жолы түсіпті.

ҰҚК біздің демалыс үшін сапарға шыққанымызды айтты. Украинаға 2008 жылы бардық. Ол жерде Art фестиваліне қатыстық. Біз турист болып, демалуға бардық. Онда тұрған ештеңе жоқ,

— дейді Анаид Демирчян.

Мұның алдында Дужновтың "Суть времени" сапында Донбасста ресейшіл сепаратистердің жағында соғысқаны жайында ақпарат тараған еді. Қарулы топтың құрамында жүрген Дужновтан аумаған адамның суреті де жария болған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров