Аққу атқан Айыртау тұрғыны 3 жылға сотталды

Экспресс К

Pixabay

СҚО аудандық соты сұңқылдақ аққуды атып алған адамға қатысты үкім шығарды. Қызыл кітапқа енген құсты атқан ауыл тұрғыны 3 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Ш. есімді ер адам 18-қыркүйек күні орманға аң аулауға шығып, жолай сирек кездесетін аққуды атып алған, деп мәлімдейді СҚО облыстық сотының баспасөз қызметі.

Қылмыскердің кінәсі куәгерлердің сөзімен және заттай айғақтармен толық дәлелденген.

Ш есімді азаматқа қатысты қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеумен түсті. Прокурор сотталушыны 3 жылға бас бостандығын шектеу және 7 жылға дейін аңшылық құқығынан айыруды сұрады,

—деп жазылған аудандық соттың хабарламасында.

Сотталушының өз қылмысын мойындауы және бұған дейін сотталмағаны ескерілген. Сот оны 3 жылға дейін бас бостандығынан айырып, 7 жылға дейін аңшылық құқығын шектеген.

Қылмыскер өзі келтірген шығынды өтеді. Оның мылтығы да тәркіленген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров