Қытай

Қытайда мейрамханада болған жойқын жарылыстан 3 адам қаза тапты (видео)

Экспресс К

Бейнеден кадр

Қытайдың Шэньян қаласындағы жарылыстан 3 адам қаза тауып, 30-дан астам адам жарақат алды. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Ria.ru басылымының жазуынша, жарылыс Ляонин провинциясының Шэньян қаласындағы мейрамханалардың бірінде болған. Таңғы сағат 7-лер шамасында болған төтенше жағдайдан 3 адам қаза тауып, 30-дан астам адам жараланды. Жарылыс салдарынан маңайдағы нысандар мен көліктер бүлінген.

Төтеншеліктер қазір жарылыс болған аймақта іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша газ жарылған болуы мүмкін.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров