«Күліп жүретін». Димаш Құдайберген бес жылдың ішінде қатты өзгерген

Лаура БИҒАЛИ

instagram.com/kudaibergenov.dimash

Атақты әнші Димаш Құдайберген бүгінде Қытайдың Пекин қаласында тұрып, шығармашылығымен айналысып жатыр. Күні кеше ғана Димаш Қытайдың танымал актері Чжан Дадамен араға бес жыл салып қайта кездесіп қалған, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды. Әнші өміріндегі өзгерістерімен үнемі әлеуметтік желі арқылы көпшілікпен бөлісіп отырады. Бүгін Димаш танымал актер Чжан ДаДа-мен түскен суретін жариялады. "I am singer" жобасында дәл осы актер Димаштың талантына тәнті болғаны соншалықты аузын ашып, көзін жұмып қалған еді.

Бұл жүргізуші жігітті бәріңіз танисыздар. "I am singer" жобасында мен өнер көрсетіп жатқанымда дәл осы қалпында көпшіліктің жадында қалған еді. Екеуміздің 5 жыл бұрынғы және қазіргі суретімізді назарларыңызға ұсынып отырмын. Өзгеріс бар сияқты,

— дейді Димаш Құдайберген.

Желі қолданушылары Димаштың өзгергенін растады.

Күліп жүретін еді. Өзгеріс бар,

— деп жазды желі қолданушылардың бірі.

Жақында белгілі жыршы Берік Жүсіпов танымал әнші Димаш Құдайбергенге "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын беруді сұраған болатын. Жыршының айтуынша, бұл атаққа Димаш әбден лайық екен.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров