Федор Емельяненко қарсыласын нокаутқа жіберді (видео)


©AP/Gregory PAYAN
Ережесіз жекпе-жек шебері, аты аңызға айналған ресейлік Федор Емельяненко қарсыласын нокаутпен жеңді. 45 жастағы спортшының бұл 40-шы жеңісі, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Vesti.kz басылымының жазуынша, Федор Емельяненко (40-6-0-1) Мәскеуде өтіп жатқан Bellator 269 турнирінің негізгі кездесуінде 36 жастағы америкалық Тимоти Джонсонды (15-8) ұтты.
45 жастағы спортшы бірінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберді. Екі жылдан кейін октогонға оралған Емельяненконың бұл кәсіпқой мансабындағы 40-шы жеңісі.
Ол соңғы рет рингке 2019 жылдың желтоқсанында шығып, бес минутта Квинтон Джексонды нокаутқа жіберген болатын.