Бөтелкемен кептелісті реттеген алматылық жігітке жұрт риза болды (видео)

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

Бейнеден кадр

Қоғамдағы келеңсіз жағдайларға бей-жай қарай алмайтын жігіт кептелісте қала тұрғындарына көмек көрсетті. Қарап тұрмай қол ұшын созып, жол полициясы секілді көш қиылысындағы қозғалысты демде ретке келтірді, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Алматы қаласында Байтұрсынов және Сәтбаев көшелерінің қиылысында бағдаршам істемей қалған. Соның кесірінен ұзын-сонар кептелісті көрген жас жігіт саспастан, қолындағы пластик бөтелкесін реттеушінің таяғы етіп, жол қозғалысын қалыпты келтірді. Көлік иелері бірден жігіттің нұсқауымен жүре бастаған. Бейне жазбада автокөлік легін бір арнаға түсіргені анық көрінеді.

Express Qazaqstan жігіттің әрекеті қолдауға тұрарлық десек те, қаншалықты заңды екені жайында құзырлы органдарға сауал жолдады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров