Күйзеліске түскен әнші: "Адамның өзі өзгермей, тағдыры да өзгермейді"

Лаура БИҒАЛИ

instagram.com/indirarasylkhan

Жақында күйзеліске түскенін жазып, жұртты алаңдатқан Индира Расылхан енді адамның тағдыры өз қолында деп желіде жазба қалдырды. Әншінің ойынша, адам өмірде үш қателік жібермеу керек екен, деп жазады Express Qazaqstan.

Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазды. Әншінің айтуынша, адам әрбір жасаған ісіне жауапкершілікпен қарау өз өміріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастырады. Мұндай қағидамен қаруланған адам қандай да бір сәтсіздіктері үшін өзгені кінәламайды. Қатені өзінен іздеп, оны түзетуге талпынады, сол оқиғадан сабақ алады. Сондай-ақ Индира өзіне сенбейтін адамдардың тағдыры ауыр болатынын айтты.

Өзіне сенімсіз адам басқаға да сене алмайды. Өйткені ішінде сенім базасы жоқ. Тағдыры қиын болады. Ал өзіне сенімді адамдар осы өмірде үлкен жетістікке қол жеткізеді. Өйткені олардың сенімділігі адамдарға өмірде белсенді өмір сүруге мүмкіндік береді,

— дейді Индира Расылхан.

instagram.com/indirarasylkhaninstagram.com/indirarasylkhan
instagram.com/indirarasylkhan

Өнер иесі екінші күйеуімен ажырасқан соң күйзеліске түскен. Индираның бұған дуа себеп дегені туралы Express Qazaqstan бұған дейін жазған болатын.

Маған дуаны кім салса да, өзіне жасаған қиянаты деп санасын. Кім екенін жүрегім сезеді. Бір адамның зұлымдығы қаншалықты екенін Алла тексергісі келген болар,

— дейді әнші.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров