Абайдың "Әзім әңгімесі" сахналанды

Экспресс К

Әкімдіктің баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан "Teatr ALL" театр фестивалі аясында "Әзім әңгімесі" хикаясының қойылымы өтті, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Абай Құнанбайұлының "Әзім әңгімесі" поэмасының желісі бойынша сахналанған қойылымды "Наз" мемлекеттік би театрының актерлері ел назарына ұсынды. Жаңалықты қала әкімдігінің ресми сайты жариялады.

Әкімдіктің баспасөз қызметі
Әкімдіктің баспасөз қызметі

Елорда мұндай фестивальді алғаш рет ұйымдастырып отыр. Бұл өте жақсы бастама. Мұндай мерекенің жыл сайын өткенін қалаймыз. Бұл театрлардың, шығармашылық ұжымдардың, актерлердің одан әрі өсуіне жол ашады,

—деді Қазақстанның Еңбек Ері, белгілі актер Асанәлі Әшімов.

Әкімдіктің баспасөз қызметі
Әкімдіктің баспасөз қызметі

Қойылым оқиғасын актерлер би тілінде жеткізді.

Әкімдіктің баспасөз қызметі
Әкімдіктің баспасөз қызметі

"Наз" мемлекеттік би театрының директоры Еркебұлан Ағымбаев халықаралық фестиваль аясында "Тұйғындар" хореографиялық тарихи спектаклі қойылатынын айтты.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров