Мейрамбек Бесбаев

Мейрамбек Бесбаев “Екі жиренді” ерекше орындады (видео)

Ержан ШАЙЖАН

instagram.com/murat_yeszhan

Танымал әнші Мейрамбек Бесбаев ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының “Екі жирен” әнін орындап, көптің көңілінен шықты. Әннің бейнебаяны алдағы уақытта жарық көреді, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Бұл туралы өзінің Instagram-дағы парақшасында режиссер Мұрат Есжан жазды. Оның айтуынша, ұлт ұстазының 150 жылдығына орай түсірілім жұмыстары аяқталған. Режиссер бейнебаянның алдағы уақытта жарық көретінін және түсірілімге атсалысқан Мейрамбек Бесбаевқа зор алғысын жеткізді.

"Басқа әншілер ренжімесін, Мейрамбекке айтқызамыз деген ой келгеннен бастап, бұл әнді басқа адамның орындауында мүлдем елестете алмадым. Даусы керемет әнші көп қой. Бірақ мұндай әнде, мұндай контексте, өзі айтпақшы, "Оны ән қылып айтпау керек, әңгімелеу керек". Мен айтам, шырқамау керек, салу керек деп. Ән салу деген сол. Үй салғандай саласың. Меніңше "Екі жиреніміз" керемет салынған секілді. Мейрамбек ағаға шығармашылық топ атынан алғыс айтамын", — деп жазды Мұрат Есжан.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров