Бокс
Теміртас Жүсіпов 33 жасында әлем чемпионатының финалына шықты (видео)


instagram.com/boxingkazakhstan
Бүгін бокстан Сербия астанасы - Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында 48 келіде өнер көрсететін қазақстандық Теміртас Жүсіпов финалға жолдама алды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Ол жартылай финалда Беларусь боксшысы Йохани Кармельчукті жеңді. Сөйтіп, біздің спортшылардың арасында алғаш болып, әлем біріншілігінің финалына өтті.
Алда тағы төрт отандасымыз шаршы алаңға шығатын болады.
Теміртас Жүсіпов 33 жасында бірінші рет әлем біріншілігіне қатысып, бірден финалға жолдама алды.
Бөлісу